Биржа тарихы
USD: ---
EUR: ---
RUB: ---
ЛОНДОН
МӘСКЕУ
НУР-СУЛТАН
ТОКИО
НЬЮ-ЙОРК

8 (7172) 64-40-09
8 (771) 110-55-55
info@old.ccx.kz

Биржа тарихы

2011 жылдың қараша айында «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ (әрі қарай – КТБ) заңды тұлға ретінде тіркелді.

2011 жылдың 30 желтоқсанында «Каспий» Тауар Биржасы» Акционерлік Қоғамына тауарлық биржа қызметін жүзуге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігімен № 1000349 мемлекеттік лицензиясы берілді.

Лицензия алғаннан кейін бірден 2011 жылдың 30 желтоқсанында биржалық жүйеде ауыл шаруашылығы секциясы бойынша алғашқы сауда-саттық өтті.

Қазіргі таңда «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Қазақстан Республикасындағы ірі тауар биржаларының бірі болып табылады.

Биржа заманауи бағдарламалық басқарылатын платформа негізінде сауданың ыңғайлы, сенімді және ашық механизмін жасады. Каспий ТБ электронды сауда-саттық жүйесі – бұл барлық биржалық нарыққа және сауда-саттық қатысушыларының қосалқы қызметтеріне арналған Интернет арқылы жайлы қашықтықтан қатынасу құралы. Келісімшарттың орындалуын қаржылық бақылау кепілдемесі мен сауда-саттық нәтижесі бойынша тауардың жеткізілуі халықаралық стандарттарға сай тәуекел менджменті мен есептеулердің заманауи механизмдерімен қамтамасыз етіледі.

Каспий ТБ нақты тауарлар мен жедел келісімшарттарға сауда-саттық биржасын ұйымдастырады.

Каспий ТБ 2013 жылдан бері посткеңестіктегі Киотский келісімі бойынша СО2 парниктік газдар қалдығына квоталық сауда-саттық ұйымдастырған жалғыз биржа болып табылады.

Сонымен қатар 2014 жылы Каспий ТБ Қазақстанда алғаш рет электроэнергия және қуаттылық сауда биржасы секциясы бойынша электроэнергия сауда-саттығын іске қосты.

«Портал» секциясыдағы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу бөлімі бойынша Каспий ТБ жүргізген жалпы сауда-саттық айналымы Қазақстан Республикасындағы ең жоғары сатыда болып табылады және де Биржада мәмілелердің орындалмау фактісіне жол берілмеді.

«КТБ» АҚ негізі қаланғаннан бері ТМД елдерінің және алыс шетелдердің тауар биржасымен, Қазақстандық және шетелдік банктермен, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрлігімен жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар ЕурАзЭҚ елдерінің Биржа аралық электронды одақтың ресми мүшесі болып табылады.

Каспий ТБ ресми серіктестері Deutsche Börse AG және EEX (European Energy Exchange) Лейпцигская биржасы болып табылады.

Біздің брокерлік компанияларымыздың сертификатталған аккредитациясы бар, ал Биржа қызметкерлері әлемнің алдыңғы қатарлы биржалық алаңдарында биржалық сауданы ұйымдастыру сұрақтары бойынша оқудан өткен.

Бүгінгі таңда Каспий ТБ ашық және тең құқықтылық принциптері бойынша сауда-саттық жүргізеді. Биржада жасалған келісімшарттар нотариалдық рәсімдеуге жатпайды және ішкі және сыртқы экономикалық өзара қарым-қатынас кезінде әр тарап өз міндеттерін орындауы қажет. Биржа клиенттері КТБ АҚ әртүрлі қызметтерімен қолданады: ақпараттық, консультативтік және т.б.

Каспий ТБ ұлттық экономиканы реформалауда, мемлекетаралық экономикалық байланыстарды дамытуда, сонымен қатар нарықтық қарым-қатынастың қалыптасуында белсенді ат салысады.

Сауда-саттық процесін компьютерлік сүйемелдеу, жоғары білікті мамандар, шарттарды стандарттау және ережелерді дәл орындау келісімшарт жасауда уақытты барыншы аз жоғалтуға әкеледі.

Көпшілік мойындаған қазақстандық индикаторларды қалыптастыру мен тауар нарығының жедел дамыту қазірдің өзінде өндіруші компаниялар мен қолданушыларға бағалық тәуекелдерді тиімді хеджирлеу мен өндірістік және сауда-саттық қызметін жоспарлаудағы ұзақ мерзімді стратегияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Салықтық, монополияға қарсы және биржалық заңнама бойынша өтімді және ашық биржада қалыптастырылған бағалар нарықтық болып табылады.

forum ccx