Сми о нас
USD: ---
EUR: ---
RUB: ---
ЛОНДОН
МОСКВА
НУР-СУЛТАН
ТОКИО
НЬЮ-ЙОРК

8 (7172) 64-40-09
8 (771) 110-55-55
info@old.ccx.kz

Елорданың халықаралық пікір алмасу алаңына айналғалы қашан. «Күлтөбенің басында күнде жиын» болмағанымен, Астана төрінде алқалы басқосудың жиі өткізілетіні анық. Қанша жиын болса да қайырымен болсын дейміз-дағы. Кеше сондай жиынның бірі – Қазақстандағы көміртегі нарығының мүмкіндіктері мен даму жолдарына арналған Carbon-KZ үшінші халықаралық форум болып өтті. Форумды қашанғыдай «Каспий» тауар биржасы» акционерлік қоғамы ЕЕХ (Лейпциг биржасы) бірлесіп ұйымдастырды.

egemen

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков құттықтау сөзінде қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғауға байланысты инновациялық жаңалықтарға басымдық беріп отырғанын тілге тиек етті. Осы төңіректе Қазақстанның «жасыл экономиканы» жүзеге асыруды қолға алып, өндіріске инновациялық технологияларды енгізуді қуаттайтынын, осы бағыттағы игі ізденістерге қолдау білдіретінін жеткізді.

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық одақ делегациясы бас­шысының орынбасары Камен Величков болса, өзінің құттықтау сөзінде соңғы кездері парниктік газдарға қатысты Еуроодақ көлемінде атқарылып жат­қан мәселелерге кеңінен тоқталды. Энергетика және климаттың өзгеруі туралы Париж келісімі жайында әңгімеледі.

Париж келісімі демекші, Қазақстан 2015 жылы 12 желтоқсанда Париж қаласында Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы тараптары 21-конференциясының қорытынды құжатының қабылдануын қуаттаған-ды.

Қазақстан тарапы аталған мәселеге қатысты жасаған мәлімдемесінде Климат саласында жаңа әмбебап келісімнің қабылдануы қатысушы мемлекеттердің температураның көтерілуін индустриялық кезеңге дейінгі уақытпен салыстырғанда цельси бойынша 2 градусқа дейін шектеу арқылы қоршаған ортаның тозуына жол бермеу­ге деген әзірлігін айғақтайтындығын жеткізген болатын. Сондай-ақ, Қазақ­стан өз міндеттемелерін орындауға және Парниктік қалдықтарды азайту жөніндегі жаңа келісімді имплементациялау ісіне өз үлесін қосуға әзір екендігін, Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Климат жө­ніндегі конференция мақсаттарымен тікелей үндесетін мамандандырылған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу біздің елдің маңызды үлесі болып саналатындығын да білдірген еді.

Жоғары экономика мектебі Қор­шаған орта және табиғи ресурстар экономикасы орталығының директоры Георгий Сафонов өз сөзінде көміртегі нарығының дамуы жөніндегі озық ойларымен бөлісті. Қазіргі кезде Қытай қоршаған ортаны қорғау жөніндегі технологияларды енгізуден алдыңғы орынға шыққан. Атап айтқанда, жел, күн энергиясын пайдалануға баса мән беріліп келеді. Күн энергетикасын пайдалану жөнінен Қытай әлем бойынша бірінші орынды иеленеді.

Атмосфераға шамамен 500 млрд. тонна СО2 (соңғы 150 жылда көмірді, мұнай мен газды жағу арқылы осыншама залал келді) күл-қоқыс шығарылса ол із-түзсіз кетеді деу аңғалдық болар еді. Парниктік газдар шығарындыларының ұлғаюы ең алдымен экожүйеге кері әсер етеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Климаттың өзгеруі бойынша департамент директоры Гүлмира Серғазина өз сөзінде отандық заңнамаға соңғы кездері енгізілген өзгерістер жө­нінде жан-жақты сараптамалық шолу жасады. Заманауи талаптарға сәйкес еліміздің «жасыл экономикаға» бет бұруы да заңдық тұрғыдан өзгерістерді қажетсініп, осы бағытта біршама жұ­мыстар атқарылып жатқаны тілге тиек етілді.

Форумға қатысушылар парниктік газдар шығарындыларын үйлестіруге қатысты Қазақстанның заңнама­сына өзгерістер енгізу, салық салу, биржа саудасындағы тәуелсіз на­рық қа­тысушыларының рөлі туралы, операциялық және қаржылық тә­уекелдерді басқару, сондай-ақ, ішкі саудаға шетелдік компаниялардың қатысу мүмкіндіктері туралы өзекті мәселелерді талқылады.

Новости

forum ccx